Велаяти еуропалықтарды «Ортақ қадам» келісіміндегі өздерінің міндеттерін орындауға шақырды
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі еуропалықтарды «Ортақ қадм» келісімі тақырыбында өздерінің міндеттерін орындап, Американы да бүлдіргі әрекеттерін қоюға мәжбүрлеуді сұрады.
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Али Акбар Велаяти бүгін сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта Американың биылғы жылдың мамыр айының 8 күні «Ортақ қадам» келісімінен шыққанына тоқталып: «Иран аталмыш келісімдегі құзырына қатысты өзінің шарттарын мәлімдеген болатын. Сондықтан ешбір жағдайда шарттарына қарсы келісімді жалғастыруды қабылдамайды» деді.
Велаяти сонымен қатар Американың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен де шыққанына тоқталып: «Америка адам құқығы тақырыбына саяси құрал ретінде қарайды. Егер өз үкіметі үшін пайдалы болса, оған қатысады, болмаса шығып кетеді» деді.
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі саудиялық коалицияның Йеменге үш жылдан астамғы жасап жатқан шапқыншылықтарына да тоқталып: «Шабуылдарға қарамастан бүгін йемендік күштер бұрынғыдан бетер күшейе түскен. Керісінше, саудиялықтар мен араб әмірлігінің күштері көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды» деді.