Еуропа маусым айының соңына дейін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ұсыныстарын жариялайды
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Арақчи Еуропаның Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы мүдделерін кепілдендіруге бағытталған ұсыныстар пакетін маусым айының соңына дейін ұсынуы мүмкін екенін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Аббас Арақчи сенбі күні Теһранда өткен форумда Иран мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалған басқа мүшелер бұл келісімнің өз жолын жалғастыруына талпыныс жасайтынын айтып: "Франция, Германия, Ұлыбритания мен Еуроодақ Иранның аталмыш келісім бойынша талап-тілектерін қамтамасыз ету үшін іс жүзіндегі шешім жолдар пакетін ұсынуға уәде берді",-деді.
Арақчи мұнай сатуды, мұнайдың ақшасының елге қайтып келуін, банкаралық айналым мен тасымал, кемелер, танкерлер мен ұшақтардың Еуропа тарапының Иран үшін қамтамасыз етуі тиіс мәселелер екенін айтып, Иранның шешімін қарсы тараптардың Теһранның талап-тілектерін қамтамасыз ету ниеті мен қабілетімен байланыстырды.
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу себептеріне тоқталып: "Иранның осы келісімдегі жетістіктеріне АҚШ төзе алмай, өзін зарар көргендей сезінгендіктен одан шығып кетті",-деді.