Амоли Лариджани: Адам құқығы елдерге қысым жасаудың құралына айналды
Иран Сот органының басшысы дұшпандардың, әсіресе үстемшіл елдердің, соның ішінде адам құқығы саласында қара даққа толы тарихқа ие АҚШ-тың адам құқығын Иран мен басқа елдерге қысым жасау құралы ретінде пайдаланып отырғанын айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сот органының басшысы аятолла Садық Амоли Лариджани сенбі күні кешке Сот билігі апталығымен бір мезгілде теледидар арқылы Иран халқымен тікелей сұхбатында: "Халықаралық адам құқығы ұйымдары ақпараттарды "Мұнафықтар" сияқты қылмыскер топтардан алып отырғанда Ирандағы адам құқығы көрсеткіштерін дұрыс бақылап, бағалайды деп қалай күтуге болады",-деді.
Аятолла Амоли Лариджани басып алынған Палестина жерінде сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы жасап жатқан қылмыстарына, Бахрейндегі шиіттердің құқықтарының аяққа тапталуына, Йеменнің қорғансыз халқына басқыншылық жасалуына, сондай-ақ, АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы және өткен онжылдықтарда Вьетнамда жасаған қылмыстарына тоқталып: "АҚШ пен Батыстың кейбір алпауыттарының Иранды адам құқығын бұзып отыр деп айыптауы таңданыс тудырады",-деді.
Ол, сондай-ақ, АҚШ үкіметінің балаларды мигрант ата-аналарынан мәжбүрлі түрде бөліп, адамзатқа қарсы саясат жүргізгеніне тоқталып: "Адам құқығының шынайы жағдайы жайлы қоғамдық хабардарлық орын алуы тиіс. Сонда үстемшіл елдер өздеріне бағынышты ақпарат құралдарымен қоғамдық пікірді өзгерте алмайды",-деп баса айтты.