Ислам революциясының жетекшісі Иранның ұлттық футбол командасын мадақтады
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі Иранның Спорт және жастар министрі Масуд Сұлтанифардпен телефон арқылы сұхбатында аятолла Хаменеидің жолдауын елдің ұлттық футбол командасына жеткізді.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иранның ұлттық футбол командасына жолдауында: "Сіздер жеңіспен оралдыңыздар, жарайсыздар! Сәттілік тілеймін",-деп жазылған. Иранның ұлттық футбол командасы Ресей-2018 әлем біріншілігінде күткеннен де жоғары ойын көрсетті.
Иран командасы бірінші кездесуінде Марокконы 1:0 есебімен жеңсе, екінші кездесуінде әлем чемпиондығына үміткерлердің бірі Испания командасынан 0:1 есебімен ұтылды. Иранның ұлттық футбол командасы дүйсенбі күні түнде Еуропаның чемпионы Португалия командасымен 1:1 есебімен тең түсіп, Испания және Португалия командаларынан тек бір ұпай кем жинап, FIFA-2018 әлемдік чемпионатымен қош айтысты.