Еуропа одағының ұсыныстар пакеті Иранға тапсырылған жоқ
https://itolqyn.com/news/iran-i38110
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Еуропа одағының "Ортақ қадамды" қолдау жөніндегі ұсыныстар пакетінің тапсырылғаны туралы хабарларды теріске шығарды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 01, 2018 14:57 Asia/Almaty
  • Еуропа одағының ұсыныстар пакеті Иранға тапсырылған жоқ

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Еуропа одағының "Ортақ қадамды" қолдау жөніндегі ұсыныстар пакетінің тапсырылғаны туралы хабарларды теріске шығарды.

Сенбі күні кейбір ақпарат құралдары Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің сөзіне сілтеме жасап, Еуропа одағының Иранның мүдделеріне кепілдік беру мақсатында ұсыныстар пакетін бекіткенін хабарлап: "Алдағы екі күннің ішінде ұсыныстар пакеті Иранның жауапты тұлғаларына тапсырылады",- деп мәлімдеген болатын.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: "Еуропа одағының елдері ұсыныс жасау үшін соңғы кеңесулерін өткізіп жатыр. Ұсыныстар пакеті қабылданғаннан кейін бұл мәселе міндетті түрде жарияланып, оның мазмұнын қарастыру ісі басталады.

Иран Еуропа одағының ұсыныстары жете қарастырылған соң елдің бұған және "Ортақ қадамда" қалуына немесе одан шығуына қатысты ұлттық мүдделерге сай тиісті шешім қабылданады",- деді.