Иран халқының шынайы күш-қуаты тәуелсіздік пен азаттыққа негізделген
(last modified Sun, 01 Jul 2018 11:22:28 GMT )
Шіл 01, 2018 17:22 Asia/Almaty
  • Иран халқының шынайы күш-қуаты тәуелсіздік пен азаттыққа негізделген

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні имам Хосейн (ғ.с) университеті түлектерінің оқу бітіру рәсімінде дұшпанның қастандықтарының мақсатын ислам жүйесі мен халықтың арасына жік салу деп атап:

"Егер ұлттық қуаттың құрамдас бөліктері нығайтылса, халық дұшпанның алдында әлсіздік танытпай, берілмейді. Қаскүнемдер өз мақсаттарына жетуде тағы да сәтсіздікке ұшырайды",- деп баса айтты.

Иран Ислам революциясының жеңісі көптеген себептерге байланысты үстемшіл алып державаларды тығырыққа тіреді. Бұл революция әу бастан бір халықтың тіпті құрмен болсын әлемдік алып державалардың теңгерімдері мен жоспарларына үлкен өзгеріс енгізе алатынын көрсетті.

Ислам республикасының революциясы мен жүйесінің өткен 40 жылдың ішінде таңған қысымдары мен қиындықтары мынадай шындықты баяндайды: Иран халқы өзінің мақсаттары мен армандарына қол жеткізу үшін барлық қысымдарға қарсы тұрып, бар күштерімен алға әрекет етуді жалғастырады. Шынтуайтында, әрбір революцияның серпінділігін оның мақсаттары мен табыстарға жетуі мен әлемдік өзгерістерге әсер етуінен бағалауға болады. Иран Ислам Республикасының қазіргі таңда алатын орнын да дәл осы көрсеткіштер негізінде бағалауға болады.

АҚШ пен Сауд әулеті және Израиль секілді әлсіз режимдер әлсіздіктерін мойындағысы келмесе де Ислам республикасы революциясының ұлылығы мен Ислам республикасы жүйесінің қуатын танудан басқа амалдары жоқ. Себебі, олар кекшілдік, қастықтар мен іріткі салу әрекеттері арқылы революцияның құндылықтарын азайта алмады.

Революция жетекшісі айтып өткендей, Иран халқының қуатының ең үлкен себебі әлемнің ең қанішер әрі рақымсыз алып мемлекеттерінің бірі, яғни АҚШ өткен қырық жылдың ішінде Иран халқымен күресуде күші мен зұлымдығын аямағанына қарамастан, қолынан түк келмеді, керісінше Иран халқы одан әрі дами түсті.

Қылмыскер АҚШ бүгінде тағы да халықаралық міндеттемеге сай әрекет етуде уәдесін бұзып, "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығып, Иран халқына қарсы әділетсіз санкцияларын қайтадан күшіне енгізу арқылы негізсіз үмітімен Иранның мұсылман халқына қарсы жаңа экономикалық соғыс бастады.

Қиялға құрылған мақсат Ислам республикасы жүйесі дұшпандарының Иран халқының шынайы қуатының құрамдас бөліктерінен хабарсыздығы мен ақымақтықтарынан туындап отыр. Олар Иран Ислам Республикасының халыққа тек артқан жүйе екенін әлі түсінбеген.

Америкалық белгілі жазушы әрі теоретик Ноам Чомский бұл мәселеге байланысты былай дейді: "Иран тәуелсіз болып, АҚШ билігінің алдында бас игенге дейін АҚШ-тың қастықтары мен қарсылықтары жалғаса береді. АҚШ-тың көзқарасы бойынша, ИИР – қабылдауға келмейтін ел, себебі, өзінің тәуелсіздігіне көзжұмбайлық танытпайды".

Барлық қастандық әрекеттерге қарамастан, Иран халқы өткен қырық жылдың ішінде дұшпандардың алдында берік әрі бірлікпен қарсы тұрды. Бұл кезеңдегі АҚШ-тың экономикалық қысымдарының мақсатының халықтың діңкесін құрту екендігі белгілі. Бірақ, АҚШ-тың бұл қастандығы да ұзаққа бармай, қысымдар мен қырсығушылықтар Иран халқының АҚШ-қа қарсы табандылық таныту үдерісіндегі рухы мен түрткісін нығайта түседі.