Америкалықтардың пасық бейнесін әшкерелеу – барлық мұсылманның міндеті
https://itolqyn.com/news/iran-i38134
Иранның Жоғары соты Амоли Лариджани америкалықтардың Иран мен Йемендегі қылмыстарына және Трамп үкіметінің БҰҰ-ның Адам құқығы комитетінен шығуына тоқталып: "АҚШ үкіметінің әрекеттері басқаларға зорлық-зомбылық жасауға негізделген. Америкалықтар өздері қылмыс жасап отырып, арсыздықпен басқаларға қарсы адам құқығын бұзды деген іс қозғайды",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 03, 2018 14:09 Asia/Almaty

Иранның Жоғары соты Амоли Лариджани америкалықтардың Иран мен Йемендегі қылмыстарына және Трамп үкіметінің БҰҰ-ның Адам құқығы комитетінен шығуына тоқталып: "АҚШ үкіметінің әрекеттері басқаларға зорлық-зомбылық жасауға негізделген. Америкалықтар өздері қылмыс жасап отырып, арсыздықпен басқаларға қарсы адам құқығын бұзды деген іс қозғайды",- деді.

Иранның Жоғары соты аятолла Амоли Лариджани дүйсенбі күні Теһранда елінің сот төрағаларының отырысында АҚШ-тың қылмыстарына қарсы тұру қажеттігін қуаттап: " Америкалықтардың пасық бейнесін әшкерелеу – барлық мұсылманның міндеті. Ислам елдері адам құқығын бұзатын үкіметтерден көмек күтпеуі керек",- деп баса айтты.

Амоли Лариджани АҚШ-та босқындардың 2500   баласын ата-анасынан тартып алудың ешбір адам құқығы саласындағы заң мен адамгершілікке сай келмейтінін қуаттап: "Босқындар тіпті қылмыскерлер болса да, балаларды ата-анасынан айыруды еш нәрсемен ақтауға болмайды. Мұның барлығы – америкалықтардың адам құқығы туралы түсінктерінің ерекшеліктері",- деді.