Иран Мәжілісінің өкілдері Еуропамен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздер туралы мәлімдеме жариялады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 160 өкілі Иран Президентінің еуропалық елдермен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы келіссөздеріне қатысты мәлімдеме жариялады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі өкілдерінің мәлімдемесінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаны қуатталып: "Иран үкіметі еуропалық үкіметтердің осы саладағы әрекеттерін бақылауда. Өткен кезеңдердің тәжірибелеріне жасаған шолу еуропалықтардың әрекеттеріне шынайы күдік-күмән тудырады. Үкімет Иран халқының құқықтары туралы ойлап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылуына қатысты заңдарды іске асырып, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен ынтымақтастықтарын жалғастыруда",- деп баса айтылған.