СІМ Систан мен Балучистанның сумен қамтамасыз етілу құқығын қадағалауда
(last modified Fri, 20 Jul 2018 13:19:23 GMT )
Шіл 20, 2018 19:19 Asia/Almaty
  • СІМ Систан мен Балучистанның сумен қамтамасыз етілу құқығын қадағалауда

Иранның Энергетика министрі: "ИИР СІМ жауапты орган ретінде дипломатиялық арналар арқылы Систан мен Балучистан облысының Хирманд өзені суымен қамтамасыз етілу мәселесін шешуді қадағалап жатыр",- деді.

Иранның Энергетика министрі Реза Ардаканиан бейсенбі күні Систан мен Балучистан облысына жасаған сапары барысында Ауғанстан үкіметінің қазіргі жағдайды түсініп, 1973 жылдың 13 наурыз келісіміне сәйкес әрекет ететіндігіне үміт білдіріп: "Аймақтағы құрғақшылыққа байланысты Ауғанстан келісімге сәйкес осы өзендегі Иранға тиесілі су көлемін беруі тиіс. Келісімге сәйкес әрекет ету түрлі салалардағы жан-жақты ынтымақтастықтарды жеңілдете түседі",- деп баса айтты.

Иран мен Ауғанстан арасында қол қойылған келісімге сәйкес, Систан мен Балучистан облсындағы Хамун көліне құятын ең маңызды өзен Хирмандтың суын пайдалану құқығы Иран үшін сақталуы тиіс болған. Алайда бұл келісім Ауғанстан тарапынан жақсы іске асып отырған жоқ.