Зариф: Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында Еуропаны күтпейді
ИИР Сыртқы істер министрі Иран мен Еуроодақтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жөніндегі келіссөздеріне тоқталып:" Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында Еуропаны күтпейді",-деп баса айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні имам Хомейнидің кесенесінде бүгінде АҚШ-тың саяси билік басында сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың тұрғанын айтып: "АҚШ пен сионистік режим Ираннан үркіту саясатында оқшау қалды. Ең жақын деген одақтастары да оларға жақтаспай отыр. Қазір сионистік режим мен АҚШ Иранды қатынасын өзгертуге мəжбүрлеу үшін экономикалық соғыс палатасын құрды. Бірақ, бұл талпыныстары да қолдау таппады. Көптеген елдер АҚШ пен сионистік режимге қарсылық білдіру үшін қарымта шаралар қолдануда",-деді.