Амоли Лариджани: ИИР аймақта теңдессіз жүйеге ие
(last modified Mon, 23 Jul 2018 07:31:18 GMT )
Шіл 23, 2018 13:31 Asia/Almaty
  • Амоли Лариджани: ИИР аймақта теңдессіз жүйеге ие

Иран Сот билігінің басшысы АҚШ-тың Иран Ислам Республикасы жүйесін құлатуды көздеп отырғанын айтып: "ИИР – көптеген байлыққа, әсіресе адами ресурстарға бай аймақтағы теңдессіз қуатты жүйе ",- деді.

Аятолла Садық Амоли Лариджани жексенбі күні ИИР-ның шетелдегі өкілдіктері басшыларымен кездесуде: "Америкалықтар Батыс Азия аймағында Израильді қауіпсіз аймақ ретінде көрсету үшін 7 триллион доллар жұмсады. Алайда олардың бұл тілегіне қайшы Израиль әлемдегі ең қауіпті аймақтардың бірі саналады",- деді.

Ол адам құқығы мәселесін қанаушы елдердің, әсіресе АҚШ үстемдігінің құралы деп атап: "Гуантанамо түрмесі мен аймақтағы кейбір қылмыскер мемлекеттерге жаппай қырып-жою қаруларын ұсыну АҚШ-тың адам құқығын бұзу жайттарына жатады",- деді.