Әуеден әуеге атылатын "Фокур" ирандық зымыранының өндірістік желісі іске қосылды
(last modified Mon, 23 Jul 2018 15:03:19 GMT )
Шіл 23, 2018 21:03 Asia/Almaty
  • Әуеден әуеге атылатын

Әуеден әуеге атылатын "Фокур" ирандық зымыранын жасау желісі дүйсенбі күні Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрінің қатысуымен іске қосылды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Амир Хатами  тұсаукесер рәсімінде: "Ирандық мамандар мен ғалымдар санкцияларға қарамастан, "Фокур" зымыранын жобалап, жасап, 2017 жылдың сәуір айында сынақтан сәтті өткізгеннен кейін енді жергілікті қабілет пен әлеуеттерді пайдалану арқылы осы зымыранның өндірістік желісін іске қосып отыр.

"Фокур" зымыраны – орта қашықтыққа әуеден әуеге атылатын әрі радармен жұмыс істейтін зымыран. Ол әлемнің ең жаңа технологиялары негізінде жобаланып, жасалған. Өзінің қолданыс аясында әртүрлі басқыншы қырғи ұшақтармен бетпе-бет келе алады",-деді.