Иран халқына қарсы кез келген қоқан-лоққыға жойқын жауап қайтарылады
Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы мәлімдеме жариялап, АҚШ басқарып отырған топтың соғыс отын өршіту ұстанымдарына тоқталып: "Иранның Қарулы күштері Иран халқына қарсы жасалған кез келген деңгейдегі қоқан-лоққыға жойқын әрі өкіндіретін жауап қайтарады",- деп баса айтты.
Дивизия генералы сардар Мұхаммад Бағери өз мәлімдемесінде: "АҚШ президентінің бос қиялдары Иран халқы мен Қарулы күштерінің мықты әлеуеттеріің алдында ешқашан жүзеге аспайды",-деді. Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы Иран халқының бірде-бір соғысты бастамағанын айтып: "ИИР әрдайым аймақтағы бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштықтың туын көтеруші болды. Парсы шығанағы мен Хормоз бұғазына алып ел ретінде үнемі осы аса маңызды су жолындағы кемелер мен әлемдік экономиканың қауіпсіздігіне кепіл болды. Қазіргі таңда да аймақта кез келген іс-әрекетті жүзеге асыру қабілетіне ие",- деп қуаттады.