АҚШ-тың Иранмен әскери қақтығысқа түсуге батылы жетпейді
Иранның Ішкі істер министрі Рахмани Фазли АҚШ-тың Иранмен ешқашан әскери қақтығысқа түсуге батылы жетпейтінін баяндап: "Америкалықтар егер өздері соғыс бастайтын болса, оны аяқтаушы болмайтынын және соғыс алаңын да анықтай алмайтындықтарын жақсы түсініп отыр",- деді.
Иран ІІМ Абдолреза Рахмани Фазли бейсенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Урумие қаласында сөйлеген сөзінде: "АҚШ-тың басшылары әскери, әлеуметтік және экономикалық деңгейлерде Иранға қарсы тұрғанымен олардың өздері әскери салада қолдарынан еш нәрсе келмейтінін жақсы түсініп отыр",- деді.
Рахмани Фазли АҚШ-тың Иранмен келіссөз өткізу мәселесі туралы сөзінде Иранның АҚШ-қа сенім артпағанын, өтірікші әрі уәдеде тұрмайтын үкіметтермен келіссөз жүргізбейтіндігіне тоқталып: "АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісіміне қайта оралып, әлемнен кешірім сұрауы осы елмен келіссөз жүргізудің ең маңызды алғышарты саналады",- деп мәлімдеді.