Трамп, Мұхаммад бен Салман мен Нетаньяху – әлемде қатігездік пен құқықты аяққа таптаудың символдары
https://itolqyn.com/news/iran-i38560
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ Президенті Дональд Трамп, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман мен сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды әлемде қатігездік, құқықты аяққа таптау, басып-жаншу мен сенімсіздіктің символдары деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 06, 2018 22:57 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ Президенті Дональд Трамп, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман мен сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды әлемде қатігездік, құқықты аяққа таптау, басып-жаншу мен сенімсіздіктің символдары деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф Иранда 8 тамыз Журналистер күні қарсаңында тілшілерге берген сұхбатында бүгінде әлемдегі барша жұрттың Трамп, Мұхаммад бен Салман мен Нетаньяхудың оқшау қалғаны жайлы сөздеріне тоқталып: "Бұл 3 адам халықаралық келісімдерге берік болмағаны, Палестина халқының құқықтарын бұзғаны және әлемде Ираннан үркіту саясатын жүргізіп отырғанына байланысты оқшау қалды",-деді.

Зариф америкалықтардың Иранмен келіссөз жүргізу туралы ұсынысына тоқталып: "АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен әлем елдерінің басым көпшілігі қабылдаған "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына немқұрайлылықпен қарап, одан шығып кетті. Сөйте тұра, келіссөз жүргізуге әзірмін деген уәж айтады",-деді.

Зариф 6 тамызда Иранға қарсы санкциялардың қайта салынатынын айтып: "Бұл санкциялар Иран халқына еш әсер етпейді. Аталмыш шараның психикалық қыры басым",-деді.