АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты оқшау қалды
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты оқшаулығы басқа ешбір салада осыншалықты айқын болмағанын айтты.
Зариф сәрсенбі күні кешке Иранның 2-ші арнасының "Арнайы сұхбат" бағдарламасына берген сұхбатында: "Еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға бағытталған талпыныстарының үдерісі оң болғанымен әлі жеткіліксіз. Еуропалықтар өз компанияларын АҚШ-тың санкцияларынан қорғап, тиісті қаржы шығару арқылы сындарлы әрекеттер жасауы керек",-деді.
АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін еуропалықтардың осы халықаралық келісімді сақтауға саяси міндеттеме алуы қабылдауға тұрарлық шешім болғанымен іс жүзінде олардың амалдары қанағаттанарлық болмады. АҚШ-тың санкцияларының қайта салынуымен бір мезгілде еуропалық компаниялардың Иранмен әріптестікті жалғастыруына қатысты күдіктерін жою, банкаралық қатынас орнатып, Иранның мұнайын сату еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалатын маңызды үш қадамы болып табылады. Бұл бағдарламаны сақтап қалу іс жүзінде еуропалықтардың әлемдік сахнадағы тәуелсіздігін сақтаумен бірдей. Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы артықшылықтарды пайдалануы үшін қабылданатын шаралар мен шығарылатын қаржы еуропалықтардың АҚШ-тың саяси ерік-жігерінен тыс шешім қабылдай алатын деңгейін көрсетеді. Осы бағдарламаны сақтап қалудың әлем дипломатиясы үшін маңыздылығы соншалықты, РФ Президенті Владимир Путин өткен жексенбі күні Қазақстанның Ақтау қаласында өткен Каспий теңізі маңындағы елдер басшыларының бесінші саммиты аясында ИИР Президенті Хасан Руханимен кездесуінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын маңызды халықаралық келісім деп атап: "АҚШ біржақты түрде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін қалған барлық тараптар бұл бағдарламаны сақтап қалуы тиіс",-деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы шарасы, Париж климаттық келісімінен шығуы, басқа елдерге, соның ішінде Ресей мен Түркияға қарсы сауда соғысын ашып, санкция салуы басқа елдерді халықаралық консенсуске келуге итермеледі. Орыстар, түріктер, қытайлар мен кейбір еуропалық елдердің қазіргі қатынасы Трамптың біржақты саясатын қабылдамайтындықтарын көрсетеді. Мұнымен қоса, АҚШ-тың ішінде де Трампқа қарсы дауыстар естіліп жатыр. Мұндай қатынастар АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мәселесінде оқшау қалғанын айқын көрсетіп отыр. АҚШ сенаторы Джек Рид жексенбі күні бұдан былай Иранға қарсы біртұтастықтың жоқтығын айтып: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықты. Енді оның жанында Иранға қарсы жұмылған әлем жоқ. Ол еуропалық одақтастарынан да айрылды",-деп мойындады.
Бұл күндері Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өзінің экономикалық артықшылықтарын сақтау мақсатында еуропалықтардың шараларын орындауға берілген уақыттың шектеулі екенін баса айтып отырған жағдайда еуропалықтардың АҚШ-қа қарсы ұстанымдары арта түсті. Еуропалықтар Иранмен сауданы жалғастыруы керек. Осы аяда Еуроодақ тарапынан АҚШ-тың санкцияларын шектейтін заң қайта жаңартылып, іске қосылды. Сөйтіп, еуропалық компаниялар Иранға инвестиция салуын жалғастыруға ынталандырылды. Бұл еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты толық саяси міндеттеме алып отырғанын көрсетеді. Бұл күтілген жағдай еді. Алайда, АҚШ-тың санкциялар бөгеті, Трамптың қоқан-лоққылары мен жазалауларынан қалай өтетіндігі еуропалықтардың осы бағдарламаны жалғастыруы мен өз орнын сақтау үшін шығаратын шығынына байланысты.