Аятолла Хатами: АҚШ Иранмен ықтималды соғыста өзі мен одақтастарының шығынын көтеретін болады
(last modified Wed, 22 Aug 2018 12:00:58 GMT )
Там 22, 2018 18:00 Asia/Almaty

Теһрандағы Құрбан айт намазының құтпагері: "АҚШ Иранмен ықтималды соғыста өзі ғана емес, өз одақтасы сионистік режимнің де шығындалатынын біледі",-деді.

Теһрандағы Құрбан айт намазының құтпагері аятолла Ахмад Хатами бүгін, сәрсенбі күні таңертең АҚШ-тың Иранмен ықтималды соғыста жұмсайтын қаражатын орасан зор деп атап: "Соғыс болмайтыны анық. АҚШ Иран халқына титтей зарар тигізетін болса, Иран халқы оны жермен-жексен етеді",-деді.

Аятолла Хатами сөзінің жалғасында Ислам революциясы жетекшісінің АҚШ-пен келіссөз өткізбеу туралы сөзіне тоқталып: "Америкалықтар Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бастап ирандық басшылармен келіссөз өткізуді көздеді, алайда әрдайым сәтсіздікке ұшырап келеді. Олар Иранмен келіссөз өткізу арманын өздерімен бірге көрге әкететін болады",-деді.

 

Тегтер