АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы халықаралық деңгейде бейберекеттік қалыптастырды
https://itolqyn.com/news/iran-i38839
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын уағда бұзушылық деп атап: "АҚШ-тың бұл әрекеті халықаралық деңгейде бейберекеттік қалыптастырды",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 31, 2018 16:34 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын уағда бұзушылық деп атап: "АҚШ-тың бұл әрекеті халықаралық деңгейде бейберекеттік қалыптастырды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани бейсенбі күні түстен кейін Құм қаласында сөйлеген сөзінде: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Еуропа елдері Иран ядролық келісімге табандылық танытқан жағдайда Еуропаның Теһранмен экономикалық қарым-қатынасын жалғастыру туралы шарттарын сақтауға ұсыныс жасады. Иран еуропалықтардың қарым-қабілетіне күмәнмен қарағанымен ұсынысты қабылдады",-деді.

Лариджани еуропалықтармен әріптестіктің мақсатын дипломатиялық әлеуеттерді пайдалану және ішкі өндірушілер мен кәсіпкерлерге экономикалық қатынасты жеңілдету деп атады.