Зариф: Иран – тұрақты әрі қуатты ел
ИИР СІМ АҚШ президентінің жуырда Иранға қарсы айтқан сөздеріне реакциясында: "Иран әрдайым тұрақты, қуатты әрі жауапты аймақтық ойыншы болған және боалашақта да осы қалпынан танбайды",- деп баса айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамптың Bloomberg ақпарат агенттігіне берген сұхбатына реакциясында Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Иранның атын "Таяу Шығыс аймағына үстемдік орнату" немесе "аман қалу үшін талпыныс жасау үстінде" деп қаралау АҚШ-тың ахлақтық тұрғыдан құлдырауынан туындаған айқын демагогиясын көрсетіп отыр",- деп жазды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Bloomberg ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың араласушылық саясаттарына қатысты "Иран бір кездері Таяу Шығыс аймағына үстемдік орнатуды көздесе, енді өзінің аман қалуы үшін талпыныс жасап жатыр" деп айтқан болатын.