Рябков пен Арақчи Теһранда "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жайлы кеңесті
https://itolqyn.com/news/iran-i38969-Рябков_пен_Арақчи_Теһранда_Ортақ_қадам_жан_жақты_бағдарламасы_жайлы_кеңесті
ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи мен Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков кездесіп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен екіжақты қарым-қатынас туралы пікір алмасты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 10, 2018 22:22 Asia/Almaty
  • Рябков пен Арақчи Теһранда

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи мен Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков кездесіп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен екіжақты қарым-қатынас туралы пікір алмасты.

Иран мен Ресейдің екіжақты саяси-экономикалық және ядролық салалардағы ынтымақтастығы мен халықаралық әріптестігі соңғы жылдары қарқындап дамып келеді. Еуропа елдері осы келісімді сақтауға өтініш білдірген соң Теһран мен Мәскеу "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жайлы шағын кеңесулер өткізді.