Сардар Салами: АҚШ мүлдем оқшау қалды
(last modified Fri, 14 Sep 2018 14:40:21 GMT )
Қыр 14, 2018 20:40 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары Иранның дұшпандарының өте әлсіз екенін айтып: "АҚШ қазір басқа кезден көбірек оқшау қалды. Ол әртүрлі елдермен, соның ішінде Қытай, Ресей, Канада, Түркия және Еуропа елдерімен жауласып отыр",-деді.

Бригада генералы Хосейн Салами бейсенбі күні кешке Теһранның шығысындағы Семнанда сөйлеген сөзінде Иран халқына қарсы соғысу деген таңдау жолының күн тәртібінен алынғанын айтып: "Ешбір ел АҚШ-пен одақтасқысы келмейді. АҚШ әртүрлі қырдан соғыс жағдайына ие емес. Палестина, Ирак пен Сириядағы қарсыласу қозғалысының ілгерілеушіліктері ислам елдерінің одақтасуына себеп болды",-деді.