Еуропа АҚШ-қа қарсы тұруға немесе тізе бүгуге қатысты шешім қабылдауы керек
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні шыққан германиялық "Шпигель" апталық газетіне берген сұхбатында: "Еуропа елдері Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанының өтемін төлеуі керек. Еуроодақ АҚШ-тың келісімнен шыққанына бұрынғыдай салғырт қарайтын болса, өзінің ұстанымына қатысты Иранның реакциясын күтсін",-деді.
Зариф Еуропа мен "Ортақ қадам" жан-жақты келісіміне қол қойған басқа тараптар шара қолданып, АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының әсерін залалсыздандыруы керектігін айтып: "Еуропа АҚШ-тың осы бағдарламадан шыққанына сылбыр қатынас көрсететін болса, Иран уран байытуды арттыруы ықтимал",-деді.
Иранның Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ, АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөзді теріске шығарып: "Мұндай келіссөзге еш негіз жоқ. АҚШ Иранның ядролық келісіміне қайтқан жағдайда ғана Теһран мұндай келіссөз жайлы ойлануы мүмкін",-деді.
ИИР Еуропа елдері тарапынан ұсынылған пакеттен Иран халқының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы құқықтарын қамтамасыз ететінін күтетінін айтты