Революция жетекшісінің қатысуымен хазірет Аба Абдолла әл-Хосейнді (ғ.с) аза тұту рәсімінің соңғы кеші өтті
Хазірет Аба Абдолла әл-Хосейнді (ғ.с) аза тұту рәсімінің соңғы кеші имам Хомейни атындағы хосейниеде ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен өтті.
Революция жетекшісі кеңсесі ақпарат орталығының жұма күні кешке хабарлауынша, елдің бір топ жауапты тұлғасы мен халықтың түрлі топ өкілдері қатысқан рәсімде ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Хатами "Барлық күн – Ашура, барлық жер – Кербала" деген ұранды хазірет Аба Абдолла әл-Хосейннің (ғ.с) сөздері мен көтерілісінің рухы деп атап: "Бұл сөз Құраннан бастау алады. Бұл Алланың діні үшін ақиқат ұстанымына қолдау көрсету, жалғанға қарсы табандылық таныту, дәлелге негізделу, қорлыққа берілмеу және сол жолда шығын шығару деген мағынаны білдіреді",- деді.
Бүгін х.қ.ж.с.б 1440 жыл мұхаррам айының он екісі, 2018 жылдың қыркүйек айының жиырма екісі, сенбі – "Саджад" деген лақап атпен танымал Алла елшісінің (с.ғ.с) пәк ұрпақтарының бірі, имам Хосейннің (ғ.с) перзенті имам Зейноллабединнің (ғ.с) шәһид болған күнінің жылдығы.