Діни жетекші Ахваздағы лаңкестіктің қылмыскерлерін жазалауға бұйырды
(last modified Sun, 23 Sep 2018 12:47:00 GMT )
Қыр 23, 2018 18:47 Asia/Almaty
  • Діни жетекші Ахваздағы лаңкестіктің қылмыскерлерін жазалауға бұйырды

Ахваз қаласында Иранның бір топ азаматы жалдамалы лаңкестердің қолынан шәһид болған ащы оқиға Иран халқына дұшпандардың айуандығы мен жауластығын тағы әшкереледі.

Лондон мен эр-Рияд тарапынан қолдауға ие "Әл-Ахвазие" тәкфирлік лаңкестік тобы сенбі күні Ахвазда Иран Қарулы күштерінің әскери шеруі өткізіліп жатқан көшеге жапсарлас саябақтан көрермен халыққа қарай оқ жаудырды. Шабуыл салдарынан 25 адам қаза тауып, 60 адам жараланды.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи лаңкестік шабуылдан кейін жасаған жолдауында шәһид болғандардың жанұяларына көңіл айтып: "Жазықсыз халық пен бала-шағаға оқ ататын тасжүрек жалдамалылар – ұдайы адам құқығы жайлы айтатын өтірікші әрі екіжүзділерге бағынышты. Олардың кекке толы жүректері  Иран Қарулы күштерінің парадында ұлттық айбынның көрініс табуына төзбейді",-деді.

Әрбір лаңкестік әрекеттен кейін оның себепкерлері кім деген маңызды сұрақ туындайды. Ахваз лаңкестік оқиғасының артында АҚШ-тың қолдауындағы  аймақтағы реакцияшыл үкіметтердің бірінің басшыларымен үйлестіру арқылы осыған ұқсас бүлдіргі әрекеттер жасаған ағымдар тұрғанында күмән жоқ. ИИР "әл-Ахвазие" жалдамалылар тобының ақпарат өкілінің осы лаңкестік шабуылға жауапкершілікті Лондонда орналасқан бір телеарна арқылы жариялауына рұқсаттың берілуін ешбір жағдайда қабылдамайды.

АҚШ пен Сауд Арабиясы аймақта сионистік режиммен жақтаса отырып, лаңкестік топ құрып, оны ашық та жасырын түрде қолдау арқылы өздерінің аймақтағы сұрқия жоспарларын орындауды көздеп отыр. Бұл қатерлі үштік Таяу Шығысты лаңкестердің шытырман оқиғаларының алаңына айналдырды.

Ислам революциясының жетекшісі өзінің жолдауында айтқандай, "Бұлардың қылмысы – аймақта АҚШ қойған үкіметтердің қастандықтарының жалғасы. Олардың мақсаты – Иранда тынышсыздық орнату".

ИИР жүйесінің айбыны мен тәуелсіздігінің АҚШ-тың Иран халқымен жауластығының басты себептерінің бірі екендігінде күмән жоқ. Сенбі күнгі лаңкестік оқиға ДАИШ пен басқа тәкфирлік лаңкестік топтар Ирак пен Сирияда ауыр соққы алып жатқан жағдайда лаңкестер мен олардың Иранға қарсы әрекеттерін қолдаушылардың мақсаттарын айқындай түседі. Бұрын АҚШ Мемлекеттік департаментінің лаңкестік ұйымдарының тізімінде болған топтар бүгін оның қолдауына ие болып отыр. Бұл топтар оңай қылмыс жасап, еш қорқынышсыз өз қылмыстарын жалғастырып келеді.

АҚШ-тың адам құқығын зерттеушісі Роберт Фантима осы елдің адам құқығына қатысты саясаттарында айқын қарама-қайшылықтардың бар екендігіне тоқталып: "Америкалық адам құқығы мұнай табысы мен қаржы мүдделерімен тікелей байланысты. Сондықтан АҚШ-тың қаржы мүдделері қамтамасыз етілген кез келген кезде адам құқығы мағынаға ие болады",-деді. Экстремистік топтардың белсенділігін жеңілдеткен осындай екіқырлы қатынас әрдайым қайталанып келеді. Екіқырлы қатынас жойылмай, елдердің қауіпсіздігі мен адам құқығы әлемдік алпауыттардың ашкөз саясаттары мен заңсыз мүдделерінің құрбаны болып қала береді.