Велаяти: Трамптың сандырағы ешқашан орындалмайды
https://itolqyn.com/news/iran-i39152
Революция жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі АҚШ президентінің Иран басшыларымен кездесіп, келіссөз өткізу туралы өтінішіне қатысты: "АҚШ президенті Дональд Трамптың сандырағы ешқашан орындалмайды",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 25, 2018 19:57 Asia/Almaty

Революция жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі АҚШ президентінің Иран басшыларымен кездесіп, келіссөз өткізу туралы өтінішіне қатысты: "АҚШ президенті Дональд Трамптың сандырағы ешқашан орындалмайды",- деді.

Али Акбар Велаяти сейсенбі күні "Қасиетті қорғаныс" апталығы аясында Теһранда өткен конференцияда тілшілерге берген сұхбатта АҚШ-тың Иранды мұнай сатудан тыюға бағытталған талпынысына сілтеме жасап: "Иран АҚШ-тың алдында ешқашан бойсұнбайды. ИИР-н алда жарқын болашақ күтіп тұр",- деп мәлімдеді.

Велаяти АҚШ-тың әлемге үстемдік орнатпайтынын баяндап: "Әлем көп полюсті жүйеге көшіп, Ресей, ҚХР секілді алып державалар мен мұсылман елдері, әсіресе Қарсыласу қозғалысы майданы саналатын елдер мен біртұтас Еуропа келешектегі әлемнің алып мемлекеттері саналады",- деді.

2018 жылы 8 мамырда халықаралық заңдарға, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі орындауға міндетті №2231 қарарына қайшы "Ортақ қадам" бағдарламасынан шыққан АҚШ президенті Дональд Трамп жуырдағы жұртты алдауды көздеген әрекетінде жаңа келісімге келу үшін Иранмен келіссөз өткізуге әзір екендігін мәлімдеді.