Сақшылар корпусы Ахваздағы лаңкестік қылмысты басқарушылардың базасына зымырандық шабуыл жасады
(last modified Mon, 01 Oct 2018 10:32:37 GMT )
Қаз 01, 2018 16:32 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Қоғаммен байланыс бөлімі мәлімдеме жариялап: "25 адамның шәһид болып, 69 мазлұм әрі қорғансыз тұрғынның жаралануына соқтырған қыркүйектің жиырма екісі күні Ахвазда орын алған лаңкестік қылмыстың жалғасында Сақшылар корпусы бүгін дүйсенбі күні таңертең АҚШ пен кейбір аймақтық режимдердің қарамағындағы тәкфиршіл лаңкестердің Сирияның Евфрат өзенінің шығысында орналасқан базасын зымырандық шабуыл арқылы нысанаға алды",- деп хабарлады.

Сақшылар корпусының Sepah News ақпарат тарату торабының мәліметіне сәйкес, мәлімдемеде сондай-ақ: "Aмалдар кезінде Сақшылар корпусы аэро-ғарыш күштерінің Иранның батысында орналасқан зымырандық базаларынан орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық алты зымыран атылып, жалдамалы әрі қылмыскер лаңкестер атыс нысанынан 570 шақырым қашықтықтан өлтірілген. Одан кейін бұл күштердің ұшқышсыз жеті ұшағы әлемдік үестемшілдіктің жалдамалы лаңкестерінің шоғырланған  және қолдау көрсету базаларын бомбалаған.

Қолдағы нақты мәліметтер мен жеткен есептерге сәйкес, аталмыш әскери амалдар кезінде лаңкестердің бірқатар ықпалды басшылары мен мүшелері өлтіріліп, жарақат алып, олардың инфрақұрылымдары мен қару-жарақ қоймалары да жойылған",- деп айтылған.