Даму жолындағы табысты мемлекеттермен ғылым саласында қарым-қатынас орнату қажет
(last modified Wed, 17 Oct 2018 17:17:05 GMT )
Қаз 17, 2018 23:17 Asia/Almaty

Иран Ислам революциясының жетекшісі даму жолындағы табысты мемлекеттермен ғылыми қарым-қатынас орнату қажеттігін қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Иранның жас ғалымдарымен кездесуінде елдің түкпір-түкпіріндегі дарынды адамдардың талпыныстары мен жұмыстарын Иран үшін үміт сыйлайтын әрі шынайы көрініс деп атады. Аятолла Хаменеи Иранның келешегіне қатысты бағдарламалардағы жас ғалымдардың рөліне тоқталып, елдің ғылыми жетістіктері мен адамзаттың ғылыми шекараларын дамытып,  екінші жақпен келісімге келіп, ғалымдар мен жүйенің екі жақты қарым-қатынастарын, адами күштерді дұрыс пайдаланып, ұлттық болмыс пен элитаның армандарын  нығайту қажеттігін баса айтып:

«Иранның жағдайын нашар және үмітсіз деп көрсету – дұшпанның күн тәртібіндегі ең маңызды тақырып. Бірақ, елдің шынайы көрінісі үстемшіл жүйеге қарсы»,- деді. Аятолла Хаменеи дарынды жастардың елдің ғылыми дамуына әсер ететіндігіне тоқталып: «Егер ғылыми тұрғыдан дамысақ, өркениет, саяси және экономика салаларындағы қоқан-лоққылар азайып, соңында жойылады»,- деді. Аятолла Хаменеи өткен кезеңдерде Иранның ғылым тұрғысынан артта болғанын қуаттап: «Иран халқы әлем халқының шамамен бір пайызын құрағанымен Пеһлеви кезеңінде елдің ғылыми өндірісінің үлесі 0,1 пайызды құрады. Бүгінде Иранның әлемдегі ғылыми өндірісінің үлесі шамамен екі пайызға жетті. Алайда, бұл мөлшермен қанағаттануға болмайды. Иранның өткен кезеңдердегі ғылым, ахлақ және саясат тұрғыларынан артта қалуына халықты тәкаппар, біліксіз, билікқұмар және тәуелді басшылардың басқаруы себеп болды»,- деді.