Зариф: АҚШ-тың санкцияларға тәуелділігі шектен шықты
ИИР Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларына білдірген реакциясында «АҚШ-тың санкцияларға тәуелділігі шектен шықты» деп жазды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф азық-түлік пен дәрі-дәрмек импорттауда басты рөл атқарған ирандық бір жеке меншік банктің 8 делдалмен байланысы бар деген сылтаумен заңсыз мақсатта санкцияға ұшырағанын мәлімдеді.
АҚШ сейсенбі күні ИИР-ға қарсы жауластық әрекеттерінің жалғасында ирандық 20 банк пен компания мен басқа да органдарға санкция салды.
АҚШ-тың Қаржы министрлігі ирандық 20 банк, компания мен басқа да органдарды «Басидж» ұйымы мен Ислам революциясы Сақшылар корпусымен байланыста деген сылтаумен санкциялардың тізіміне енгізді.
Ислам революциясының Сақшылар корпусы аймақта АҚШ қолдап отырған лаңкестермен күресте маңызды рөл атқаруда.