Иран Президенті АҚШ-тың біржақты санкцияларымен күресу қажеттігін қуаттады
Иран Президенті АҚШ-тың Иран халқына қарсы біржақты, әділетсіз санкцияларымен күресу қажеттігін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани жексенбі күні кешке Министрлер кабинетінің отырысында экономикалық соғыс пен санкциялық қоқан-лоққы жағдайында жамандық тілеушілердің негізгі мақсатының Иранның әлем экономикасына қатысуының алдын алу екенін айтып: "Бұл алаңда экспорттаушылар АҚШ-тың санкцияларымен күресті басқарушылар болып табылады.
Экспорттаушылар ирандық тауарлар нарығын сақтау арқылы ел ішінде жұмыспен қамту және отандық өндірісті қорғап, Иран мен ирандықтың жаһандық нарықтардағы жеңісін сақтайды.
Иран халқы өзінің валюталық және экспорттық саясатында елдің экспорттық айналымын сақтауды көздеп келеді",-деп қуаттады.