Оман СІМ-нің орынбасары Зарифпен кездесіп, сұхбаттасты
Иран СІМ Оман СІМ-нің саяси істер жөніндегі орынбасарымен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтар жайлы сұхбаттасты.
Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда Оман СІМ-нің саяси істер жөніндегі орынбасарымен кездесуінде саяси, экономикалық және мәдени салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттап, аймақтық және халықаралық маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Бүгін Теһранда Иран мен Оманның саяси стратегиялық кеңестері жөніндегі комитеттің алтыншы отырысы аяқталды.
Екі күндік отырыста Мұхаммад Фаразманд бастаған ирандық делегация мен Мұхаммад бин Авад әл-Хассан бастаған омандық делегация құжатқа қол қою арқылы түрлі салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, кеңейту қажеттігін айтты.
Ирандық және омандық делегациялар сондай-ақ, екіжақты қарым-қатынастар деңгейін арттырып, дамыту жолдарын қарастырды.