Иран мен Еуропа арасында валюталық арна ашылады
Қаз 27, 2018 22:20 Asia/Almaty
Иранның Орталық банкінің төрағасы: "Еуропалық және ирандық экспорттаушылар үшін жаңа қаржылай арна ашылады. Бұл арнаның қызметі Иран мен Еуропа арасындағы екіжақты ақша келісімдеріне негізделеді",- деді.
ISNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Абдулнасер Хеммати әлеуметтік желіліердің бірінде: "Бұл қаржылай арнаның құрылуы АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" біржақты түрде шығуына қарамастан, ирандық және еуропалық компаниялар мен экономикалық белсенділердің сауда-экономикалық қатынас орнатып, жалғастыруға мүдделі екендігі туралы ортақ түсінікке негізделген. Қаржылай төлемдерді жеңілдету мақсатында Еуропамен қаржылай арнаны құру мәселесі қос тараптың күн тәртібінде тұр",- деп жазды.
Тегтер