Ресей Сауд Арабиясы әскерилерінің Сирияда болу ықтималдығын соғыс жариялау деп санайды
https://itolqyn.com/news/iran-i397
Ресей Сауд Арабиясының Сирияға әскер кіргізу туралы ұсынысын сынап, мұны «соғыс жариялаумен» бірдей деп сипаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 06, 2016 16:57 Asia/Almaty
  • Ресей Сауд Арабиясы әскерилерінің Сирияда болу ықтималдығын соғыс жариялау деп санайды

Ресей Сауд Арабиясының Сирияға әскер кіргізу туралы ұсынысын сынап, мұны «соғыс жариялаумен» бірдей деп сипаттады.

Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, Ресей Думасының заң шығару комитетінің төрағасы Павел Крашенинников: «Эр-Рияд Сирияда қандай да бір әскери амал жасамас бұрын Дамаск үкіметінен рұқсат алуы тиіс»,-деді.

Ал бұл жағдайда Ресейге керісінше АҚШ Сауд Арабиясының өз әскери күштерін Сирияға аттандыру туралы шешімін қолдады.

АҚШ-тың Қорғаныс министрі Эштон Картер Сауд Арабиясының шешімін қолдап: «Келесі аптада Еуроодақтың резиденциясы орналасқан Брюссельде бұл тақырыпты өзімнің саудиялық әріптесіммен талқылаймын»,-деп мәлімдеді.

АҚШ-тың жетекшілігіндегі "ДАИШ-ке қарсы" деп аталатын коалицияға мүше елдердің Қорғаныс министрлері ақпан айында Брюссельде отырыс өткізеді деп жоспарлануда.

«Associated Press» ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясы армиясының ақпарат өкілі: «АҚШ-тың жетекшілігіндегі "ДАИШ-ке қарсы" коалиция жөн деп тапса, саудиялық күштер ДАИШ лаңкестік тобымен күресу үшін Сирия жеріне кіреді»,-деген уәж айтты.