Қар 10, 2018 15:05 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың әлемдегі билігінің бәсеңдеп, әлем халықтарының бұл елге жеккөрінішінің күннен күнге артып жатқанын айтты.

Ходжат ул-ислам уәл-муслемин Казем Седдиқи осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында абанның он үші АҚШ-тың Теһрандағы тыңшылық ұясын басып алған күніне орай ұйымдастырылған шеруге тоқталып: "Иран Ислам революциясы тарихта алғаш рет АҚШ-тың абырой-беделіне көлеңке түсіріп, алып держава саналатын бұл елдің ұлылығына нұқсан келтірді",- деді.

Теһран жұма намазының имамы АҚШ-тың Иран халқына қарсы 40 жылдық қоқан-лоққылары мен санкцияларына сілтеме жасап: "Әділетсіз санкциялар Иран халқының экономикалық, ғылыми, әскери және саяси салалар бойынша тәуелсіздік пен өз-өзіне жеткіліктілікке жетуіне себеп болып, Иранның аймақтағы ықпалын арттыра түсті",- деді.

 

 

 

Тегтер