Ғасеми: Иранға қарсы адам құқықтары жөніндегі қарар саяси мақсатта ұсынылды
(last modified Sat, 17 Nov 2018 11:10:01 GMT )
Қар 17, 2018 17:10 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иранға қарсы адам құқықтары жөніндегі қарар саяси мақсатта ұсынылды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетінде Иранға қарсы адам құқықтары жөніндегі қарардың бекітілуін айыптады.

БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитеті бейсенбі күні кешке Нью-Йоркте Канаданың Ирандағы адам құқықтары мәселесіне қатысты ұсынған қарарының жобасын дауысқа салып, нәтижесінде 85 мүше оң, 30 мүше теріс, 68 мүше қалыс дауыс берді.

Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия жөніндегі бас басқармасының хабарлауынша, Бахрам Ғасеми жұма күні Иранға қарсы адам құқықтары жөніндегі қарардың бекітілуін қабылдауға келмейтін жайт деп атап, оның саяси мақсаттарда арам ниетпен дайындалып, бекітілгенін айтып:  "Кейбір батыс елдері, сионистік режим мен өздері адам құқықтарын ең үлкен бұзушылары саналатын кейбір аймақтың кертартпа мемлекеттері әсірешіл сипаттағы мақсаттары мен бүлікшіл саясаттарды көздеп, лаңкестерге қолдау көрсету үшін адам құқықтарын, адам құқықтары жөніндегі қарарлар мен халықаралық механизмдерді құрал ретінде пайдаланып жатыр",- деді.