Иран Еуропаның АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзғанына әрекетсіздік танытып отырғанын сынады
(last modified Tue, 20 Nov 2018 03:47:35 GMT )
Қар 20, 2018 09:47 Asia/Almaty

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзуды АҚШ-тың Еуроодақтың саяси орны мен абырой-беделін аяққа таптауы деген мағынаны білдіретінін айтты.

Әли Шамхани дүйсенбі күні Теһранда Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Хантпен кездесуінде: "Қарсы тарап АҚШ-тың жөнсіз сөздері мен істеріне әрекетсіздік танытып отырғанына байланысты Иран өзінің ұлттық мүдделері мен жауапкершілігі негізінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты түрде шығуы мен келісімге дейінгі жағдайға қайта оралу мүмкіндігіне байланысты тиісті шешім қабылдады",-деді.

Шамхани, сондай-ақ, Иранның лаңкестікпен қатаң әрі үздіксіз күресіп жатқанын айтып: "Лаңкестікпен күресте Иранның іс жүзіндегі әрекеттері мен саясаттары болмағанда және осы жолда азаматтары шәһид болмағанда бүгінде ДАИШ Ирак пен Сириядаға билікті қолына алып, Еуропаның көршісі болып отырар еді",-деді.

 

Тегтер