Үлемдер Израильмен қарым-қатынас жасауды харам деп жариялады
https://itolqyn.com/news/iran-i40108
Пайғамбар әулеті әлемдік ұйымның бас хатшысы Мұхаммад Хасан Ахтари ислам елдері үлемдерінің діни пәтуалар шығарып, Израильмен қарым-қатынас жасауды харам деп жариялағанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 27, 2018 17:35 Asia/Almaty
  • Үлемдер Израильмен қарым-қатынас жасауды харам деп жариялады

Пайғамбар әулеті әлемдік ұйымның бас хатшысы Мұхаммад Хасан Ахтари ислам елдері үлемдерінің діни пәтуалар шығарып, Израильмен қарым-қатынас жасауды харам деп жариялағанын хабарлады.

Иран Телерадио ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Хасан Ахтари "Ислам бірлігі" атты 32-ші халықаралық конференцияның жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінде бұл басқосуды Палестина халқын қорғау үшін жақсы мұрсат деп атап, халықаралық құқықтық ұйымдар мен жеке меншік ұйымдарынан мәлімдеме жариялап, сионистік режимнің қылмыстары мен басып-жаншуларын айыптауды сұрады.

Пайғамбар әулеті әлемдік ұйымның бас хатшысы имам Хомейни мен аятолла Хаменеидің Палестина халқына қолдау көрсету қажеттігі туралы сөздеріне сілтеме жасап: «Палестина халқы басқа мұсылман халықтардың қолдауымен күрестерін жалғастырып келеді. Палестина мәселесі мұсылмандардың бірлігіне себеп болады»,- деп қуаттады.