Иран мен Оман арасында сауда айналымының көлемі екі есе артты
(last modified Mon, 03 Dec 2018 14:52:18 GMT )
Жел 03, 2018 20:52 Asia/Almaty
  • Иран мен Оман арасында сауда айналымының көлемі екі есе артты

Иранның Омандағы сауда өкілі Аббас Бадалхани екі елдің сауда таразысының 2018 жылдың наурызынан қарашаның төртіне дейін Иранның пайдасына жақсарғанын хабарлап:

"Иран Кеден басқармасының статистикалық мәліметі бойынша, 2018 жылдың наурыз мерекесінен қарашаның төртіне дейін Иран мен Оман арасындағы сауда айналымының көлемі 870 млн долларға жетті. Екі елдің сауда қарым-қатынасы өткен жылдың ұқсас мерзімінде 577 млн долларды құрады. Екі ел арасында теңіз тасымалын дамыту, екі ел азаматтарына виза беруді жеңілдету, Оманда жұмыс істейтін ирандық компаниялардың санын арттыру, Иранның экспорт өнімдері бағасының Оман нарығында бұрынғымен салыстырғанда бәсекеге сай болуы Иран мен Оман сауда байланысы деңгейінің жоғарылауының ең маңызды себептерінің қатарын құрайды",-деді.