Иран Қорғаныс министрінің америкалық қайраткерлердің мәлімдемелері туралы айтқан сөзі
https://itolqyn.com/news/iran-i4024-Иран_Қорғаныс_министрінің_америкалық_қайраткерлердің_мәлімдемелері_туралы_айтқан_сөзі
Иранның Қорғаныс министрі: "Егер АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы сәл ойланатын болса, ұмытшақтық пен қате сараптама жасауға душар болмас еді" деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 09, 2016 22:15 Asia/Almaty
  • Иран Қорғаныс министрінің америкалық қайраткерлердің мәлімдемелері туралы айтқан сөзі

Иранның Қорғаныс министрі: "Егер АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы сәл ойланатын болса, ұмытшақтық пен қате сараптама жасауға душар болмас еді" деді.

Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Иранның зымырандық әлеуетін бақылау туралы жуықтағы мәлімдемесіне меңзеп: «Джон Керридің айтқан сөздері америкалықтардың дәрменсіздігінен және олардың аймақтағы одақтастарын қолдау мен қолпаштаудағы әлсіздігінен туындап отыр. Америкалықтар аймақ елдерінің оларға тәуелді болуына және Американың көбірек қару сатуы үшін Иранға үрке қарауды күшейтуге күш салды. Америкалық қайраткерлер аймақ елдеріне олардың саяси сахнадағы тіршілігі Америкаға ілесуіне байланысты деп түсіндірді» деді.