Исламдық мазхабтар университеті Ауғанстанмен ғылыми ынтымақтастығын арттыруға дайын
https://itolqyn.com/news/iran-i40464
Иранның Исламдық мазхабтар университетінің ректоры бұл жоғары оқу орнының Ауғанстан ғалымдарымен тәжірибе алмасып, қысқа мерзімді оқу курстарын өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 19, 2018 21:39 Asia/Almaty
  • Исламдық мазхабтар университеті Ауғанстанмен ғылыми ынтымақтастығын арттыруға дайын

Иранның Исламдық мазхабтар университетінің ректоры бұл жоғары оқу орнының Ауғанстан ғалымдарымен тәжірибе алмасып, қысқа мерзімді оқу курстарын өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Иранның Исламдық мазхабтар университетінің ректоры Мұхаммад Хосейн Мохтари Ауғанстанның Қажылық және Оуқаф министрі Фейз Мұхаммад Османмен Кабулдегі кездесуінде тәкфиршілік және экстремизммен күресудің ең жақсы жолын ғылыми зерттеулер жүргізу деп атады. Ол ауғандық студенттердің Иранның Исламдық мазхабтар университетінде білім алуына жақсы көзқарас қалыптасқанына тоқталып: «Бұл студенттер – ислам мазхабтарын жақындастыратын елшілер. Ирандағы исламдық мазхабтардың бірлігі халықтың діни және шынайы иманына сүйенеді»,- деді.

Фейз Мұхаммад Османи да Ирандағы исламдық мазхабтардың бірлігін мадақтап: «Ауғанстанның ғалымдары мен үкіметтері ислам мазхабтарының жақындығын қолдап, бұл мәселенің жолындағы кедергілерге қарсы шара қолданады»,- деді. Ол сондай-ақ, Иранның үш миллион ауғандық мигрантты паналатуын, Иранның әрқашан Ауғанстанға қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.