Зариф кеше Ялда мерекесімен құттықтады
(last modified Sat, 22 Dec 2018 16:58:14 GMT )
Жел 22, 2018 22:58 Asia/Almaty

Иран СІМ жұма күні кешкісін Ялда түнін атап өтетін барша адамдарды осы мерекемен құттықтады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Ялда түнімен құттықтап, әлемнің жақын арада бейбітшілік пен үйлесімділіктің көрінісі мен қауіп-қатер мен екіжүзділіктің азаюына куә болатынына үміт білдірді.

Кеше жұма күні кешке Иранда қыс мезгілінің алғашқы әрі жылдың ең ұзақ түні – Ялда түні атап өтілді.

Ялда түні – ирандықтардың ең көне салттарының бірі. Бұл салт ерте заманнан ирандықтардың бірлігі, тілектестігі мен өзара әрекеттестігінің символы болған.

Тарихшылар мен сарапшылардың жазуы бойынша, ирандықтардың көне салт-дәстүрлері мен рәсімдері Орталық Азия елдерінен Еуропа құрлығына дейінгі әлемнің көптеген халықтарының дәстүрі мен салттарына айтарлықтай ықпалын тигізген.

Ислам дінінің таралуымен ирандық мәдениеттен тұрақтанып, нығая түскен салттардың бірі осы Ялда түні саналады.

Иран халқы әдетте Ялда түні әулеттің үлкен мүшесінің шаңырағында жиналып, осы түнді атап өтеді.