"Ұлық пайғамбар-12" әскери жаттығуында «Шабуылдық амалдар» бағдарламасының тұсаукесер рәсімі өтті
(last modified Sun, 23 Dec 2018 14:00:01 GMT )
Жел 23, 2018 20:00 Asia/Almaty

"Ұлық пайғамбар-12" әскери жаттығуының соңғы кезеңі Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштерінің "Ұлттық бірлік және жаңа қорғаныс әлеуеттерін жасау аясында тұрақты қауіпсіздік пен айбынды көрсету" деген ұранымен Парсы шығанағының ортақ ауданында сәтті өтті.

"Ұлық пайғамбар-12" әскери жаттығуының соңғы кезеңінде сенбі күні алғаш рет ИИР-ның қорғаныс доктринасындағы «Шабуылдық амалдар» бағдарламасының тұсаукесер рәсімі өтті.

Әскери жаттығуларда қатынастың қорғаныстан шабуылға өзгеруі, жылдам қайтарып алу амалдары, аралдарды қорғау үшін алапат от шашу, жағалауларды басып алу, дұшпандардың нысандары мен инфрақұрылымдарын жоюға бағытталған арнайы басқыншылық жобаларын орындауға машықтану осы әскери жаттығуды өткізудің басты мақсаттарының қатарына жатады.

ИИР құрлық пен теңізде ауқымды шекараға ие. Осы шекаралардың қауіпсіздігін сақтау шыныққан күш пен мықты қорғаныс және тежегіш құрал-жабдықтардың пайдаланылуын қажет етеді.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал Мұхаммадәли Джафари сенбі күні "Ұлық пайғамбар-12" әскери жаттығуының басталу рәсімінде тілшілерге берген сұхбатта: "Бұл жаттығу –дұшпандардың уәждеріне берілген жауап. Олар ИИР-ның қорғаныс қабілетінің тежегіш сипатта екенін білуі керек",-деді. Генерал Джафари дұшпандардың Иранның жауап беру қуатын бұрынғыдан да көбірек түсінетініне  үміт білдірді.

Қауіпсіздік екі элементке негізделген: бірінші элемент – қорғаныс амадарында арнайы білімді қолдану. Егер бір ел бұл элементтен мақұрым болса немесе оны аз қолданса, қорғаныс саласында содан туындайтын зияндарға душар болады; еекінші элемент – тежегіш қуатқа ие болу және қажет жағдайда шабуылдыу күшіне ие болу. Бұл қатынас басқыншылармен күресте стратегиялық маңыздылыққа ие.

Ислам революциясының жетекшісі әрі бүкіл күштердің бас қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи жуырда ИИР армиясы Теңіз күштері қолбасшыларымен кездесуінде дұшпандар мен бәсекелестердің Иранның алдында сап түзегеніне тоқталып: "ИИР біреуге соғыс ашуды көздемейді, бірақ дұшпандардың Иранға шабуыл жасауға қорқуы былай тұрсын, Иран халқына қоқан-лоққы да жасай алмайтындай дәрежеде өз қуатын арттыруы керек. Бұл ел Қарулы күштерінің бірлігі, айбыны мен әскери салада ықпалды болуының арқасында жүзеге асырылады",-деді.

Осы тұрғыдан "Ұлық пайғамбар-12" әскери жаттығуы мен ИИР-ның қорғаныс доктринасындағы шабуылдау амалдар бағдарламасының тұсаукесер рәсімі мынадай жолдауға ие:  ИИР өзінің қорғаныс стратегиясында қажет жағдайда қауіп-қатерлерді жою үшін қабылданған шараларды жүзеге асырады.

Бүгінде Иранның Қарулы күштері жоғары деңгейдегі әскери қабілетке ие. Қорғаныс және тежегіш әлеуеті, әсіресе зымырандық қорғаныс саласындағы қарым-қабілеті Стратегиялық зерттеулер институттарының Иранның әскери қабілетін тұрақты қуатқа ие шешуші күш деңгейінде бағалауына себеп болды.

Ұлыбританияның Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты Иранның әскери қуаты туралы бір есебінде АҚШ пен оның одақтастарына "Мүмкін емес мақсатты, яғни Иранның зымырандарын жоюды көздеудің қажеті жоқ" деп ескертті.

Алайда бұл күш-қуат ешқашан қатер болған емес. Иран аймақ пен әлемдегі барлық елдердің қауіпсіздігінің сақталуын қалайды. 

 

Тегтер