Ислам революциясының жетекшісі Азад Ислами университеті студенттерінің қазасына көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i40560-Ислам_революциясының_жетекшісі_Азад_Ислами_университеті_студенттерінің_қазасына_көңіл_айтты
Азад Ислами университетінің студенттерін тасымалдайтын автобус апатында бірнеше студенттің қазасына Ислам революциясының жетекшісі көңіл айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 26, 2018 15:58 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Азад Ислами университеті студенттерінің қазасына көңіл айтты

Азад Ислами университетінің студенттерін тасымалдайтын автобус апатында бірнеше студенттің қазасына Ислам революциясының жетекшісі көңіл айтты.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 9 студенттің қаза болуы мен бірнеше студенттің жарақат алуына себеп болған оқиғаны қайғылы жағдай деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі университеттік қоғам мен қаза болған студенттердің жақындарына көңіл айтып, Алладан жараланғандарға шипа сұрады.

Сейсенбі күні Азад Ислами университетінің студенттерін тасымалдайтын автобус апаты салдарынан 9 студент қаза болып, 28 студент жарақат алды.