Трамптың Бағдадқа сапары – Ирактың ұлттық егемендігіне көрсетілген құрметсіздік
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми АҚШ Президенті Дональд Трамптың дипломатиялық ережелерден тыс Иракқа сапарын бұл елдің ұлттық егемендігіне көрсетілген құрметсіздік деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми аймақ мемлекеттері мен халықтарының ешқашан басқыншы бөгде елдерге аймақ елдері арасына іріткі салуға жол бермейтінін айтып: "Аймақтың осы қырағы халқы АҚШ пен сионистік режимнің қолдауындағы лаңкестердің тас-талқанын шығарды.
Қысқа уақыттың ішінде аймақ елдері Таяу Шығыста тұрақтылық пен қауіпсіздіктің өздерінің ішкі, аймақтық және халықаралық әлеуеттері мен ресурстарына сүйенусіз орнамайтынын түсінеді. Бөгде күштер ерте ме, кеш пе аймақтан кетуге мәжбүр болады",-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Трамптың билік басына келгенінен бері әлем мен Таяу Шығыс аймағындағы өзгерістерге жан-жақты шолу жасағаны дұрыс екенін айтты.