Зариф: Иранды айыптау Еуропаны лаңкестерді паналатқан жауапкершіліктен босатпайды
(last modified Wed, 09 Jan 2019 06:34:54 GMT )
Қаң 09, 2019 12:34 Asia/Almaty
  • Зариф: Иранды айыптау Еуропаны лаңкестерді паналатқан жауапкершіліктен босатпайды

Иран Сыртқы істер министрі сейсенбі күні еуропалық мемлекеттердің ИИР-на қарсы жуырдағы уәждері мен әрекеттеріне реакция білдіріп, Иранды айыптаудың Еуропаны лаңкестерді паналатқан жауапкершіліктен босатпайтынын қуаттады.

 

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: "Еуропа мемлекеттері, атап айтқанда Дания, Голландия мен Франция 12000 ирандықты өлтірген, Ирактың бұрынғы диктаторы Саддамның ирактық күрдтерге қарсы қылмыстарына ортақ болған "Мұнафеқин" лаңкестік тобы мен Еуропада отырып, жазықсыз ирандық азаматтарды  өлтіруді жобалайтын басқа лаңкестерге баспана берді",- деп жазды.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу туралы айтқан Еуроодақ кеше, сейсенбі күні 2016-шы жылы аталмыш халықаралық келісім іске асырылғаннан кейін Иранға қарсы санкцияларының бірінші кезеңін қайтарды. Бұл санкциялар Данияның Иранға қарсы уәждері бойынша салынды.

Дания қазанның 30 күні ешбір құжат ұсынбастан Теһранды бұл елге шабуыл жасауға талпыныс жасады деп айыптады. ИИР бұл уәждерді теріске шығарды.