Ислам революциясының жетекшісі Еуропадағы студенттердің исламдық ұйымдары одағының отырысына жолдау жіберді
(last modified Sat, 12 Jan 2019 14:58:07 GMT )
Қаң 12, 2019 20:58 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Еуропадағы студенттердің исламдық ұйымдары одағының отырысына жолдау жіберді

Ислам революциясының жетекшісі әлемнің түкпір-түкпіріндегі ирандық студенттердің ИИР-ын дамыту және бөгделерге бағыныштылықтан арылту қозғалысына қосылуын Алла жолындағы джиһад деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Еуропадағы студенттердің исламдық ұйымдары одағының 53-ші отырысына жіберген жолдауында студенттерді ИИР болашағының ең үлкен үміттерінің қатарында атады. Жолдауды  сенбі күні Гамбургтағы Исламдық орталықта ходжат ул-ислам Джавад Ежеи оқыды.

Хазірет аятолла Хаменеи: "Барша білуі тиіс нәрсе мынадай: Алланың қолдауымен  кешегі студенттердің бірқатары қазір ИИР-да үлкен  істермен айналысып жатыр. Олар өз отандарында білім мен технологияның дамуына қызмет етудің қуанышын бар болмыстарымен сезінеді. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі студенттер мүмін әрі қызметке дайын топтарға қосылып, Иранды бөгделерге бағыныштылықтан арылту жолында қызмет етуге мүмкіндік алады. Шын ниетпен орындалған бұл әрекет Алла жолындағы джиһад саналады",-деп қуаттады.

Еуропадағы студенттердің исламдық ұйымдары одағының 53-ші отырысы сенбі күні Германияның Гамбург қаласындағы Ислам орталығында өтті.