Генерал Салами: Егер Израиль режимі соғыс ашса, жойылатыны анық
(last modified Mon, 28 Jan 2019 13:19:27 GMT )
Қаң 28, 2019 19:19 Asia/Almaty
  • Генерал Салами: Егер Израиль режимі соғыс ашса, жойылатыны анық

Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары генерал Хосейн Салами «Израиль режимі жаңа соғыс ашу үшін әрекет етсе, оның жойылуына соқтыратын соғыс болары анық» деді.

Генерал Хосейн Салами дүйсенбі күні Израиль режимі басшыларының Сирияда Иранның позицияларын нысанаға алу туралы қоқан-лоққыларына білідрен реакциясында: "Иранның стратегиясы – Израиль режимін әлемнің саяси географиясынан жою. Бұл режим жасап жатқан қылмыстарымен өзін осы шындыққа жақындатып келе жатқан сыңайлы.

Егер Израиль режимі жаңа соғыс бастаса, басып алынған жерлер қайтарылып, израильдіктер тіпті Палестинадан мәйіттерін жерлейтін қабір таппайды",-деді.

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху осыдан біраз бұрын осы режимнің үстемшіл болмысын көрсететін ашық қоқан-лоққыда: "Егер Иран өз күштерін Сириядан тез арада шығармаса, Израиль Иранның позицияларына қарсы шабуылдарын жалғастырады",-деп мәлімдеген болатын.