Қазақстан елшілігінің командасы "Бейбітшілік және достық" кубогының жеңімпазы атанды
Қаңтардың жиырма бірі мен ақпан айының төрті аралығында ИИР СІМ-нің Дене шынықтыру және спорт ұйымының ұйымдастыруымен Теһранның "Естеғлал" спорт кешенінде футболдан "Бейбітшілік және достық" кубогы өтті.
Кубокқа ИИР-дағы әртүрлі елдердің елшіліктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері, соның ішінде Иран СІМ-нің футболдан құрама командасы, Ұлыбритания, Германия, Румыния, Уругвай, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей, Индонезия, Ирак, Венгрия, Түркия, Қазақстан, Нигерия, Жапония мен Кот д'Ивуар елдері және БҰҰ, ASEAN, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (WHO), Қызыл Крест (Red Cross) ұйымдары өкілдіктерінің футбол командалары қатысты.
Жартылай финалға Қазақстан, Түркия, Ирак пен БҰҰ-ның Ирандағы өкілдігінің футбол командалары шықты. Қазақстан командасы Ирак командасын 7:2 есебімен ұтып, "Бейбітшілік және достық" кубогының жеңімпазы атанды. Ирак командасы екінші, Түркия командасы үшінші орынды місе тұтты.