Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима Заһраның (ғ.с.) шәһид болған түнін аза тұту рәсімі өтті
(last modified Sat, 09 Feb 2019 07:16:30 GMT )
Ақп 09, 2019 13:16 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима Заһраның (ғ.с.) шәһид болған түнін аза тұту рәсімі өтті

Имам Хомейни (р.) атындағы хосейниеде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима Заһраның (с.) шәһид болған түнін аза тұту рәсімі өтті.

Ислам революциясының жетекшісі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша,  халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарынан мыңдаған адам мен жауапты тұлғалардың бірқатары қатысқан хазірет Фатима Заһраның (ғ.с.) шәһид болған түнін аза тұту рәсімін жүргізуші хазірет Фатима Заһраның (ғ.с.) өмір жолындағы экономикалық төзімділіктің қырларын түсіндіріп: «Исламдық экономика руханилық пен ақлақ негізінде құрылып, ұдайы еңбек етіп, талпыныс пен жанкештілік жасап, эгоизмнен бас тартуды баса айтады»,‑деді.

Бүгін, сенбі, 2019 жылдың 9 ақпаны, сәйкесінше х.қ.ж.с.б. 1440 жылдың джумада ас‑сани айының 3 жұлдызы – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) қадірменді қызы әрі әлем шиіттерінің бірінші имамы Әли бен Абиталебтің (ғ.) жұбайы хазірет Фатима Заһраның (с.) шәһид болған күні.

 

 

Тегтер