Сауд Арабиясы мен БАӘ Иран шекараларының қауіпсіздігін бұзуды көздейді
(last modified Sun, 17 Feb 2019 14:08:12 GMT )
Ақп 17, 2019 20:08 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы мен БАӘ Иран шекараларының қауіпсіздігін бұзуды көздейді

"Сауд Арабиясы мен БАӘ-ның тыңшылық қызметтері Иран шекараларының қауіпсіздігін бұзуды көздейді".

Мұны Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Мұхаммадәли Джафари кеше Иранның орталық бөлігіндегі Исфаhанда Систан мен Белучистанда болған лаңкестік әрекеттің шәһидтерін жерлеу рәсімінде айтып: "Біздің қолымызда Сауд Арабиясы мен БАӘ тыңшылық қызметтерінің Иран мен Пәкістанның Белучистан аймақтарындағы жағдайды теріс пайдаланып, Иранның оңтүстік-шығысында тынышсыздық тудыру үшін ауқымды жоспар құрып отырғанын көрсететін сенімді мәліметтер бар",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осы лаңкестік шабуылда қаза болғандардың жанұялары мен туыстарына көңіл айтқан хатының бір бөлігінде: "Бұл қылмысты жасаушылардың кейбір аймақтық және трансаймақтық елдердің тыңшылық қызметтерімен байланыста екені анық. Иранның жауапты органдары бұған көңіл бөліп, жіті тексеруі керек",-деді.

Айғақтар мен құжаттар көрсеткендей, бұл лаңкестік топты Сауд Арабиясы қаржыландырып отыр. Саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман 2017 жылдың мамыр айында Иранға қарсы осы жобаны жария етіп: "Соғысты Иран жеріне де таратамыз",-деді.

Иранның оңтүстік-шығысында, яғни Белучистан аймағында тынышсыздық тудыру – саяси сарапшы, жазушы Андрей Корибконың АҚШ пен Сауд Арабиясының Ирандағы құрама соғысты бағалауда атап көрсеткен жобалардың бірі.

Ислам революциясының жетекшісі 2017 жылдың қаңтар айында Құм халқымен кездесуінде сөйлеген сөзінде АҚШ пен оның аймақтағы қолшоқпарларының Иранда тынышсыздық тудырудағы рөліне тоқталып, олардың елдің ішінде қараниетті жалдамалылардың желісін құру үшін жылдар бойы миллиардтаған доллар жұмсап келгенін айтып: "Барлау нәтижесі мен дәлелдеи көрсеткендей, бұл оқиғалар алдын ала ұйымдастырылған. Олардың қалыптасуына бір үштік атсалысқан. Бұл үштіктің бір қырында АҚШ пен сионистер болса, екінші қырында Парсы шығанағының бай елдерінің бірі болды. Сол ел осы жоспарды қаржылай қамтамасыз етіп отырды. Ал үшінші қырында адам өлтіргіш Мұнафықтар ұйымына қарасты бірнеше ай бұрын дайындалған шабармандар болды",-деді.

Сауд Арабиясының басшылары осы салада қате әрекет жасап, Пәкістан сияқты кейбір елдерді өз саясатының құрбанына айналдырды. Мұндай үдерістің жалғасуы олардың өздеріне зиян тигізеді.