Салами: Сауд Арабиясы – аймақ пен әлемдегі зұлымдықтың ошағы
(last modified Tue, 19 Feb 2019 12:28:42 GMT )
Ақп 19, 2019 18:28 Asia/Almaty
  • Салами: Сауд Арабиясы – аймақ пен әлемдегі зұлымдықтың ошағы

Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары Хосейн Салами Иран қарулы күштерінің АҚШ, сионистік режим мен аймақтағы оларға тәуелді араб режимдері үштігіне қарсы тұрғанын қуаттап, Сауд Арабиясын аймақ пен әлемдегі зұлымдықтың ошағы деп атады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары Хосейн Салами бүгін, сейсенбі күні Теһранда Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан-Балучистандағы лаңкестік шабуыл салдарынан шәһид болғандарды еске алу рәсімінде: "Бұл шабуыл – әлемдегі қатерлі стратегияның пайда болуының белгісі. Бүгінде билік үстемдік әлемінен ислам әлеміне ауысып жатыр. Әлем Исламның мүддесіне сай болатын үлкен оқиғаны күтіп отыр. Үстемшіл әлем әлсіреді",- деп баса айтты.